«Relax and learn» клубы тыңдаушыларының кезекті кездесуі өтті

«Relax and learn» клубы тыңдаушыларының кезекті кездесуі өтті

 

Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығы» ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 6 маусым күні ағылшын тілі курсы тыңдаушыларының қатысуымен «Relax and learn» клубының кезекті кездесуі өтті.

Клубтың мақсаты – ағылшын тілін ыңғайлы ортада демала отырып үйрену, ағылшын тілін меңгеріп жатқан тұлғаға тілдік орта қалыптастырып, осы бағытта үнемі қолдануына ықпал жасау, қатысушылардың ағылшын тілінде алған білім мен тәжірибесін шыңдау, ауызекі сөйлеу тілін дамыту.

«Relax and learn» клубына ағылшын тілін курсының бастауыш және жалғастырушы деңгейлерінде оқитын тіл үйренушілер қатысты. Қатысушылар «Karaoke Battle» тақырыбындағы ән жарысында қазақ, орыс және ағылшын тілінде караокемен өлең айтты. Кездесу барысында қатысушылармен ойындар ойнатылды.

Дүй Сей Сәр Бей Жұм Сен Жек
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031