ҚАЗТЕСТ тестілеуі өтті

Облыс әкімдігі  тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығы» ұйымдастыруымен сәуір айының 23-27 аралығында мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік мекемеге қызмет көрсететін ұйым қызметкерлері арасында ҚАЗТЕСТ диагностикалық және сертификаттық тестілеуі өткізілді.

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Қазтест» жүйесі арқылы анықталатын мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесі 2018 жылы 32%, С1 деңгейінде 12%, мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардағы қызметкерлердің үлесі В1 деңгейінде 17%, С1 деңгейінде 8%-ға жеткізу көзделген.

ҚАЗТЕСТ жүйесі – Қазақстан Республикасындағы азаматтардың мемлекеттік тілді  меңгеру деңгейін бағалау жүйесі. ҚАЗТЕСТ жүйесі халықаралық тілдік білімді бағалаудың TOEFL, IELTS, DALF/DELF, DSH, CELI, TÖMER, ТРКИ және т.б. жүйелерінің қағидаттарына негізделген. Қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға бағытталған мұндай тестілеудің мақсаты – жалпы еуропалық стандартқа сәйкес  сөйлеу әрекетінің 4 түрі (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым)  бойынша дайындалған тестік тапсырмалар негізінде тілдік коммуникативтік құзіреттіліктерінің  А1, А2,  В1, В2, С1 деңгейлерін анықтау.

Қазтест тестілеуінен 2037 адам өтті.  Оның ішінде, диагностикалық – 1639, сертификаттық – 398. Тестіленушілердің 419-і мемлекеттік қызметшілер, 1618-і мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардағы қызметкерлер. Тестілеуге қатысқан өзге ұлт өкілдерінің саны – 492.

Дүй Сей Сәр Бей Жұм Сен Жек
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031