Қазтест сертификаты табысталды

Ағымдағы жылдың 23-27 сәуір аралығында Облыс әкімдігі  тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығы мен ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының ұйымдастыруымен облысымызда 2037 қызметкерге ҚАЗТЕСТ диагностикалық және сертификаттық тестілеуі өткізілген.

Тестілеудің нәтижесі бойынша маусым айының 11-15 аралығында Тараз қаласы мен аудандарында 276 қызметкерге А1–1 (0,3%), А2–19 (4,7%), В1–170 (42,7%), В2–24 (6%), С1– 62 (15,6%) деңгейлері бойынша сертификат табысталды. Сертификаттық тестілеу тапсырған 398 мемлекеттік қызметші мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардағы қызметкерлердің 122-сі (30,7%) тестілеуден өтпегендігін көрсетті.

Сонымен қатар, диагностикалық тестілеу тапсырған 1639 мемлекеттік қызметші мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардағы қызметкерлердің А1–252 (15,4%), А2–733 (44,7%), В1–399 (24,3%), В2–213 (13%), С1–16 (1%) деңгейінде қазақ тілін меңгергендіктерін көрсетті.

 

Дүй Сей Сәр Бей Жұм Сен Жек
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31