Шу ауданында «Тілдік алаң» өтті

Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы Жамбыл облысының Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру,  тілдік кеңістіктегі үштілділік тәжірибе мен тілдік орта қалыптастыру мақсатында Шу қаласындағы №1 қалалық кітапханасының оқу залында «Тілдік алаң» ұйымдастырылды.

Бұл аталған шараға  ағылшын тілінің оқытушысы Құрманбекова Айман жүргізіп, қатысушыларға «Family and friends» тақырыбында әр түрлі тапсырмалар орындата отырып, қызығушылықтарын оята білді. Слайд көрсетіліп, түрлі ойындар ойнатылды. Барлығы да ағылшын тілінде жүргізілді және қатысушылар да ағылшын тілінде еркін пікір алмасты. Аталған іс-шара жоғары деңгейде өтті.

Дүй Сей Сәр Бей Жұм Сен Жек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930