Тілдерді оқыту орталығының аға әдіскері Бахытбек Шынар және қазақ тілінің оқытушысы Тұрсинбекова Ақбота СЕРТИФИКАТ алды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы №27 өкімімен бекітілген Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының «Оқыту орталықтарының оқытушылары мен ересек тұрғындарды оқыту үшін филологтер мен лингвист ғалымдарды тарта отырып, семинарлар мен дәрістер, курстар ұйымдастыру» 16-тармағына сәйкес Министрлікке қарасты Нұр-Сұлтан қаласында Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында ұйымдастырылған 72 сағаттық курсқа 2019 жылғы 10 маусымнан – 18 маусым аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді оқыту орталығының аға әдіскері Бахытбек Шынар Бахытбекқызы және қазақ тілінің оқытушысы Тұрсинбекова Ақбота Ғабдоллақызы қатысып, СЕРТИФИКАТ алды.

Дүй Сей Сәр Бей Жұм Сен Жек
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031