Сертификаттық тестілеуге дайындық курстары ұйымдастырылуда

ҚАЗТЕСТ – Қазақстан Республикасындағы азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесі.

Қазтест жүйесі халықаралық тілдік білімді бағалаудың TOEFL, IELTS, DALF/DELF, DSH, CELI, ТРКИ және т.б. жүйелерінің қағидаттарына негізделген.

Міндеті: Сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға арналған тапсырмалар мен тест тапсырмалары қорын қалыптастыру. Тілдік білімді бағалаудың халықаралық жүйелерінің талаптарына сәйкес қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау үрдісін іске асыру.

2018 жылдың 24-28 қыркүйек аралығында облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығы» облыс көлемінде «Қазтест» сертификаттық тестілеуін өткізуді жоспарлап отыр.

Осыған орай ағымдағы жылдың 27 тамызынан бастап Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығында және орталықтың аудандық бөлімшелерінде «Қазтест» сертификаттық тестілеуіне 16 сағаттық дайындық курсы өтілуде. Қазтест дайындық курсы аптасына 2 рет, 1 сағат 20 минуттан өтіледі. Курсқа В1 (Орта), В2 (Ортадан жоғары), С1 (Жоғары) деңгейлері бойынша Жамбыл облысы әкімдігі басқармаларының қызметшілері мен Тараз қаласы әкім аппараты қызметшілері және орталықтың аудандық бөлімшелерде аудан аппаратының қызметшілері қатысуда.

Дүй Сей Сәр Бей Жұм Сен Жек
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31