Сарысу ауданында «Тілдік алаң» өтті

Қазақстан Республикасының тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының нысаналы индикататорлары мен көрсеткіштеріне қол жеткізу, үш тілді меңгерген әртүрлі сала өкілдерінің алған білімі мен тәжірибесін шыңдау, тілдік орта қалыптастыру мақсатында  24 шілде  күні «Тілдерді оқыту орталығы» бөлімшесінің ұйымдастыруымен аудандық «Болашақ» балабақшасында «Тілдік алаң» өткізілді.

Тілдік алаңның негізгі мақсаты – қазақ, орыс, ағылшын тілінде өзара еркін сөйлейтін тұлғаға тілдік орта қалыптастыру, оны  үнемі қолданысқа енгізу.

Бұл, шараға  аудандық тілдерді дамыту бөлімінің  бас  маманы М.Қадырбекова,  аудандық   «Тілдерді оқыту орталығы» меңгерушісі Г.Сәрсенбиева, «Болашақ» балабақша  меңгерушісі С.Ахметова,  мектеп мұғалімдері мен балабақша қызметкерлері қатысты.

«Тілдік алаң»  қатысушыларына  аудандық  «Тілдерді оқыту орталығы» бөлімше меңгерушісі  Г.Сәрсенбиева  іс-шараның мақсаты мен міндетіне тоқтала отырып, бұл шара аудандағы бірнеше тілді білетін азаматтарға жасалған үлкен мүмкіндік екендігін және  бүгінгі заман талабы, әрбір тіл үйренгісі келетін қазақстандыққа жүктелген жауапкершілік екендігін,  сонымен қатар үш тілді меңгермей  Қазақстан жалпы ұлттық прогресске жете алмайды, үш тілді білу – инновацияның, экономиканың үлкен  бастауы екендігіне тоқтала келе, «Тілдік алаң» қатысушыларына сәттілік тіледі.

Тілдік алаңның модераторлары болып, «Тілдерді оқыту орталығы» аудандық бөлімшесінің штаттан тыс  ағылшын  тілі пәнінің  оқытушылары  Ә.Іңкәрбекова мен А.Мырзахмет бекітілді.

Іс-шараға қатысқандар саны – 22. Қатысушылар – аудандағы  мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімдері, колледж оқытушылары, балабақша қызметкерлері.

Өткізілген уақыты – 1 сағат 40 минут. Қатысушылар белсенді жауап беріп, өзара ағылшын тілінде түрлі тренингтер жүргізіп, ойындар ойнады.

Тілдік алаңға қатысушылардың арасынан белсенділік танытқан  аудандағы  М.Әуезов мектеп-гимназиясы, Абылайхан, С.Сейфуллин орта мектебінің мұғалімдері мен ЖКК  оқытушылары.

Қатысушылар арасынан сөз алған  – М.Әуезов мектеп-гимназиясының ағылшын тілі мұғалімі Ә.Махашева – біз үшін тілдік алаңның жүргізіліп жатқандығы қуантарлық жағдай. Себебі, тіл үйренушілер үшін, ағылшын пәні мұғалімдері үшін, білімгерлер мен оқушылар үшін  тілдік ортаның болуы тиімді  екендігіне тоқталды.

Тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы М. Қадырбекова. Тілдік алаңның  –  ағылшын тілін үйрену үшін әрбір қатысушыға мастер класс, тренингтер көрсету арқылы тәжірибе алмасу, ағылшын тілі мұғалімдерінің кәсіби біліктілігі мен  беделін арттыру  үшін  ай сайын ұйымдастырылуы керектігіне тоқталып, алдағы уақытта да, ай сайын өткізілетін Тілдік алаңға қатысып, белсенділік танытуға шақырды.

Іс-шара соңын  аудандық   «Тілдерді оқыту орталығы» меңгерушісі Г.Сәрсенбиева аудандағы Тілдік алаңның өткізілуіне қолдау көрсетіп, көмек көрсеткені үшін «Болашақ» балабақша меңгерушісі  С.Ахметоваға, белсенді қатысушыларға және аудандық Тілдерді дамыту бөлімі мамандары  мен бөлімшенің оқытушыларына, мектеп ұстаздары мен колледж мұғалімдеріне  алғысын білдіріп, қорытындылады.

Дүй Сей Сәр Бей Жұм Сен Жек
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031