«Рухани жаңғыру: латын әліпбиі» кабинеті ашылды

Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ақын, көсемсөзші, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне және 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай Тілдерді оқыту орталығынан «Рухани жаңғыру: латын әліпбиі» кабинетін ашты.
Кабинет латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін түсіндіру, жаңа әліпби тізбегіндегі әріптерді үйрету, әдістемелік көмек көрсету мақсатында ашылды.
Кабинетте семинар-тренингтер, оқу курстары, лингвист-ғалымдардың онлайн семинарлары өткізілетін болады. Жаңа қазақ тілі әліпбиін үйренуге ниет білдірген азаматтар үшін кең мүмкіндіктер қарастырылған.
Кабинеттің ашылу салтанатына «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Тілеумұрат Шәбден, облыстағы ЖОО-ның ғалымдары, БАҚ өкілдері, Тілдерді оқыту орталығының тыңдаушылары қатысты.

Дүй Сей Сәр Бей Жұм Сен Жек
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31