Орталық туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығы»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімдігінің  2006 жылғы 28 қыркүйектегі №267 қаулысымен облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының «Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны құрылған. «Тілдерді оқыту орталығы» МКҚК 2007 жылдың сәуір айынан бері жұмыс өз жұмысын бастады.

Кәсіпорын өңірдегі мемлекеттік қызметкерлерге, бюджет саласының және акционерлік қоғамдар мен ұлттық компаниялар бөлімшелерінің, жекеменшік құрылымдардың қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқытып-үйрететін бірден бір орталық болып табылады.

Орталықтың 4 медиакласы әрқайсысы толығымен 10+1 компьютер жиынтығымен және бір-бірден интерактивтік тақтамен жабдықталған, сонымен бірге орталықтың әдістемелік кабинеттері, оқу-әдістемелік құралдар мен түрлі сала сөздіктеріне бай кітапханасы бар. Әрбір деңгейдің оқу мерзімі — 2,5 ай. Курс тыңдаушылары жаңа оқу-әдістемелік материалдармен және электронды оқулықтармен қамтамасыз етіледі. Курсты табысты аяқтаған тыңдаушыларға курсты аяқтағаны жөнінде сертификат беріледі.

2014 жылғы 27 наурыздағы облыс әкімінің №81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014–2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 5-тармағына сәйкес, 2015 жылға облыстағы мемлекеттік қызметшілерді ҚАЗТЕСТ сынағына әзірлеп, өткізу жоспарланған. Осының негізінде 2015 жылдың қаңтар айынан бастап орталықтың штаттық кестесіне ҚАЗТЕСТ бойынша жұмыс атқаратын әдіскер мен мұғалім бірлігі енгізіліп, арнайы әдістемелік және оқу кабинеті берілді. Оқу кабинеті онлайн жүйесіне қосылған 10 компьютер, қажетті оқу-әдістемелік кешендермен жабдықталған.

Жамбыл облысы әкімдігінің 2009 жылғы 26 ақпандағы №47 және 2009 жылғы 9 желтоқсандағы №402, 2014 жылғы 27 наурыздағы №81, 2011 жылғы 27 желтоқсандағы №417 қаулыларымен Мемлекеттік тілді оқыту орталығының Меркі, Шу, Қордай, Талас және Сарысу, Байзақ, Жамбыл, Жуалы аудандық бөлімшелері құрылды. Сонымен қатар, 2016 жылдан бастап Мойынқұм және Т. Рысқұлов аудандарында оқыту курстары жүргізілуде.

Орталықта және оның аудандық бөлімшелерінде штат кестесіне сәйкес жоғары білімді, білікті оқытушылар жұмыс істейді. Барлық мамандар жыл сайын өздерінің білімдерін жетілдіру үшін арнайы курстардан өтіп отырады.

 

Дүй Сей Сәр Бей Жұм Сен Жек
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31