Облыс көлемінде Қазтест тестілеуі басталды

Облыс әкімдігі  тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығы» ұйымдастыруымен қыркүйек айының 24-28 аралығында мемлекеттік қызметшілер арасында ҚАЗТЕСТ сертификаттық тестілеуі өткізілуде.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 2 шілдедегі №401 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Қазтест» жүйесі арқылы анықталатын мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесі 2018 жылы 30%, С1 деңгейінде 9%, мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардағы қызметкерлердің үлесі В1 деңгейінде 32%, С1 деңгейінде 8%-ға жеткізу көзделген.

ҚАЗТЕСТ жүйесі – Қазақстан Республикасындағы азаматтардың мемлекеттік тілді  меңгеру деңгейін бағалау жүйесі. ҚАЗТЕСТ жүйесі халықаралық тілдік білімді бағалаудың TOEFL, IELTS, DALF/DELF, DSH, CELI, TÖMER, ТРКИ және т.б. жүйелерінің қағидаттарына негізделген. Қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға бағытталған мұндай тестілеудің мақсаты – жалпы еуропалық стандартқа сәйкес  сөйлеу әрекетінің 4 түрі (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым)  бойынша дайындалған тестік тапсырмалар негізінде тілдік коммуникативтік құзіреттіліктерінің  А1, А2,  В1, В2, С1 деңгейлерін анықтау.

Ағымдағы жылдың 24-28 қыркүйек аралығында Облыс әкімдігі  тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығы мен ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының ұйымдастыруымен облысымызда ҚАЗТЕСТ сертификаттық тестілеуі өткізіледі. Мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлерінен сертификаттық тестілеуге 345 қызметкер қатысады деп жоспарлануда.

Үстіміздегі жылдың 24 қыркүйегінде Сарысу ауданынан (С1-В1 деңгейі бойынша) 11 мемлекеттік қызметші тапсыруда. Тараз қаласы бойынша (В2 деңгейі бойынша) 16 мемлекеттік қызметші және мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлері тапсыруда.

Дүй Сей Сәр Бей Жұм Сен Жек
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31