Облыстық орыс тілінде білім беретін мектептердің қазақ тілі мұғалімдеріне семинар өтті

Облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығы» Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (В1 деңгейінде меңгерген мектеп түлектерінің үлесін 2018 жылға қарай 80 пайызға жеткізу) жүзеге асыру, облыстағы орыс тілінде білім беретін мектептердің қазақ тілі мұғалімдеріне мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мектеп түлектерінің үлесін арттыруға әдістемелік көмек беру мақсатында «Қазтест – жүйесі арқылы мектеп оқушыларының қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау мәселелері» тақырыбында облыстық семинар өткізді.

Шараны басқарма басшысы Құрманбекова Сұлушаш Сәтбекқызы ашып, орталықтың тіл мамандары «Қазтест» жүйесі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ағымдағы жылы облыста мектеп түлектері арасында алғаш рет ұйымдастырғалы отырған Қазтест диагностикалық тестілеуіне алдын-ала дайындық курстарын жүргізу үшін қазақ тілін оқытуға арналған типтік оқу-әдістемелік кешендер, оқу құралдары, әдістемелік нұсқау мен жұмыс дәптері таратылды.

Шараға облыстағы жалпы білім беретін мектептердегі орыс сыныптарына қазақ тілінен сабақ беретін 60 мұғалім қатысып, қатысушылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, тақырып бойынша өз ойларымен бөлісіп, ұсыныстар айтылды.

Дүй Сей Сәр Бей Жұм Сен Жек
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31