Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінде диктант жазу акциясы өтті

Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының  ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлері арасында жаңа әліпбидегі таңбалармен жазуға бейімдеу,  жазу дағ­ды­ларын қалыптастыру  мақсатында дикта­нт жазу акциясын өткізді.

 «Ана тілі» газетінің 2017 жылғы №48 санында жарық көрген «Латын әліп­биі тілімізге серпін бере­ді» тақырыбындағы мәтінді орталықтың филолог мамандары оқыды.

Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінде диктант жазу акциясына облыстық прокуратура, облыстық ішкі істер департаменті, Қазақстан Республикасы ҰҚК шекара қызметіне қарасты  әскери бөлімдерден құралған 60 адам қа­тысып, дик­тант жазды.

Ағымдағы жылдың 21 қыркүйегі күні латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінде таза, қатесіз жазған қатысушылар дипломдар және естелік сыйлықтармен марапатталады.

Дүй Сей Сәр Бей Жұм Сен Жек
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31