А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығының» ұйымдастыруымен 2019 жылғы 24 мамыр күні оқытушылардың педагогикалық шығармашылығы мен мемлекеттік тілді оқыту үрдісін ынталандыру мақсатында А.Байтұрсынұлы атындағы облыстық байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты – ересектерге мемлекеттік тілді оқытып жүрген шығармашылықпен жұмыс жасайтын оқытушыларды анықтау, қолдау, марапаттау; оқытушылардың кәсіби-педагогикалық шығармашылығын және мемлекеттік тілді оқыту үдерісін ынталандыру; мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру.

Байқауға Тілдерді оқыту орталығы мен оның Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Талас, Сарысу, Меркі аудандарындағы бөлімшелерінің 10 қазақ тілі оқытушысы қатысты. Байқау жеңімпаздары мен қатысушылар дипломдармен, алғыс хаттармен  марапатталды.

Байқау жеңімпазы қазақ тілі оқытушысы Тұрсынбекова Ақбота Ғабдоллақызы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы тілдері күніне орай өткізілетін А.Байтұрсынұлы атындағы республикалық конкурсқа жолдама алды.

Дүй Сей Сәр Бей Жұм Сен Жек
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031