Жаңалықтар

«АНА ТІЛІМ – АСЫЛЫМ»
АУДАНДЫҚ ФЕСТИВАЛЬ Меркі ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және «Тілдерді оқыту орталығы» Меркі аудандық бөлімшесі бірлесе отырып, Қазақстан халқы тілдері күніне орай өзге ұлт өкілдері арасында «Ана тілім – асылым» атты фестиваль өтті.
Тіл мәртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылған шараға «Балдәурен» балабақшасының орыс тілі мұғалімі, түрік ұлтының өкілі Светлана Мухлис, №9 Меркі колледжінің білімгері, қарашай ұлтының өкілі Жанна Батчаева №44 жалпы білім беретін орта мектептің оқушылары, түрік ұлтының өкілдері Дилек Баламамедова, Нармина Агезова, Нияз Амрахов қатысты.
Фестиваль ережесіне сәйкес, қатысушылар үш кезең бойынша өнер көрсетіп, өздерін мемлекеттік тілде таныстырып, өз ана тілдерінде тіл, Отан, туған жер тақырыптарында ақын-жазушылардың шығармаларын оқыды.
Шара соңында қатысушыларға Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

«THE BEST LISTENER» АТТЫ БАЙҚАУ

Т.Рысқұлов ауданында «Тілдерді оқыту орталығы» Меркі аудандық бөлімшесі 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай «The best listener» атты байқау ұйымдастырды.

Байқауға «Құлан таңы» аудандық газетінің тілшісі Мөлдір Тастанбек, Құлан ауылшаруашылық колледжінің 2 курс студенті Алина Жолшыбек, Ш.Уәлиханов орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Лаура Өскенбаева, аудандық кітапхана қызметкері Гүлзат Жаманбаева, Жастар ресурстық орталығының инспекторы Сымбат Тастанбек, Ш.Уәлиханов мектебінің тәлімгері Бекзат Сахидавлетова қатысты.

Қатысушылар 6 кезең бойынша, атап айтқанда Таныстыру, Полиглот, Аударма жұмысы, Жалғасын табу, Кім көп құрайды? кезеңдері бойынша сынға түсті.

Қазылар алқасының шешіміне сәйкес І орынды М.Тастанбек, ІІ орынды А.Жолшыбек, ІІІ орынды Л.Өскенбаева иеленді.

Жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдармен, бағалы және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Дүй Сей Сәр Бей Жұм Сен Жек
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031