Жаңалықтар

2018 жылғы 22 қараша күні облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығы» Қордай аудандық бөлімшесінің ұйымдастыруымен этнос жастары арасындағы «Тіл – парасат» қазақ тілі білгірлерінің XI аудандық конкурсы өтті.
Конкурстың мақсаты – тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, өзге ұлт өкілдері тыңдаушыларының мемлекеттік тілді жетік меңгеруіне қол жеткізу, мемлекеттік тілді насихаттау, қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін ояту, жазу, сөйлеу мәдениетінің деңгейін көтеруге ықпал ету және бөлімшенің жұмысын жандандырып, тіл үйренушілерге мемлекеттік тілді үйретудің сапасын барынша көтеру.
Конкурс 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде ұсынылған тақырып бойынша дайындықсыз ауызша тұсаукесер жасады. Екінші кезеңде билеттік жүйемен қазақ тілінде эссе жазып, ұсынылған әр түрлі тақырып бойынша жұппен диалог құрап білімдерін шыңдады. Үшінші кезеңде «Шабыт жұлдызы» шығармашылық тапсырма бойынша қазақтың халық әндерін және заманауи әндерін орындап, би билеп, көркем шығармалардан үзінді көрсетіп, өз өнерлерін ортаға салды. Конкурсқа өзге ұлт өкілдерінен 6 тыңдаушы қатысты.
Конкурстың нәтижесінде дүнген ұлтының өкілі Мадиван Сания Лугмаровна I орынды жеңіп алып, облыстық байқауға жолдама алды.

Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы «Тілдерді оқыту орталығы» Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, тілдік кеңістіктегі үштілділік тәжірибе мен тілдік ортаны қалыптастыру мақсатында Қордай аудандық бөлімшесінің ұйымдастыруымен 2018 жылғы 18 қазан күні сағат 10.00-де «Әлемде талай қызық бар» тақырыбында Тілдік алаң өткізді. 
Тілдік алаңға ағылшын тілі мұғалімдері, колледж білімгерлері және ағылшын тілі курсының тыңдаушылары қатысты. Тілдік алаңды Қордай аудандық бөлімшесінің ағылшын тілі курсының оқытушылары жүргізді. Шара барысында модератор жаңа технологияларды пайдалана отырып, қатысушылардың қызығушылықтарын оята білді. 
Тілдік алаң адамдардың қызмет ету аясында мүмкіндігіне жол ашатын, үштілділікті дамыта отырып, ақпарат алу мен қарым-қатынас жасауға зор мүмкіншілік береді.

ҚазТЕСТ Қордай ауданында өтті.

«Тілдік алаң» ақпараты

Іс-шараның негізгі мақсаты қазақ, орыс, ағылшын тілінде өзара еркін сөйлейтін тұлғаға тілдік орта қалыптастыру, оны үнемі қолданысқа енгізу мақсатында 2018 жылдың 16 шілдесінде сағат 11.00-де «Тілдерді оқыту орталығы» Қордай аудандық бөлімшесінің №1 оқу кабинетінде «Астанаға – 20 жыл» тақырыбында орыс тілінен кезекті «Тілдік алаң» отырысы өткізілді.
«Тілдік алаңға» бөлімше оқытушылары мен мектеп қызметкерлері қатысты. Бұл кезекті отырыста модератор №34 орта мектебінің орыс тілі пәнінің мұғалімі Досалиева Гүлбану Амангелдіқызы жүргізді. Іс-шара барысында қатысушылар жемісті, тәттілерді және құртты таңдай отырып, 3 топқа (Астана, Москва, Лондон) бөлінді. Өздерін таныстыруды «Рассказ в трех словах» тренингі арқылы таныстырды. Жалпы қатысушалар әртүрлі сұрақтарға белсенді жауап беріп, түрлі тренингтер мен ойындарға қатысып, өз ойларын ортаға салды. Жалпы қатысқандар саны – 13.

«Тілдік алаң» ақпараты
Облыс әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасы Жамбыл облысының Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының индикаторлары мен нысаналы көрсеткішке қол жеткізу мақсатында тілдік кеңістіктегі үштілділік тәжірибе мен тілдік орта қалыптастыру үшін үш тілде құрылған «Тілдік алаң» клубының жұмысын жандандыру барысында 2018 жылдың 22 тамыз күні сағат 09.00-де «Тілдерді оқыту орталығының» Қордай аудандық бөлімшесінің және аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен №4 Б. Бөлтірікова атындағы орта мектепте «Қымызмұрындық» мерекесі және Дені саудың – жаны сау тақырыбында тақырыбында «Тілдік алаң» өткізілді.
«Тілдік алаңға» қазақ, ағылшын тілі мұғалімдері қатысты. «Тілдік алаң» клубының модераторы «Тілдерді оқыту орталығының» оқытушылары С. Сулейманова және С. Бақылтай жүргізді. Олар тақырыпптын мән-мағынасын ашу үшін, әртүрлі ойындар ойнатып, топ-топқа бөліп қатысушыларға түрлі тапсырмалар орындатты. Атап айтсақ, сұрақ-жауап, қима қағаздар және үлестірмелі материалдар арқылы клуб мүшелеріні қызығушылын оята білді. Іс-шараға қатысушалар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
Қатысқандар саны-22

«Тілдерді оқыту орталығы» Қордай аудандық бөлімшесінде
2018 жылдың 29 мамырында өткен «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру талабы» атты дөңгелек үстел
АҚПАРАТЫ

Еліміздің латын әліпбиіне көшуі – ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Латын әліпбиін қолдану түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады. Ұрпақ болашағы мен ұлт тұтастығы үшін мұндай шешім қабылдау өте маңызды, бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, ұрпағымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға, мемлекеттік тіл мәртебесін арттыруға ықпалы зор
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында латын әліпбиіне көшуді түсіндіру мақсатында «Тілдерді оқыту орталығы» Қордай аудандық бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру талабы»атты дөңгелек үстел өткізілді.
Шараға «Тілдерді оқыту орталығы» Қордай аудандық бөлімшесінің қызметкерлері, оқытушылары, тіл жанашарлары және тыңдаушылар қатысты.
Дөңгелек үстел барысында бөлімше меңгерушісі Қ. Нұрғалиев еліміздің рухани жаңғы¬руының негізі болып табылатын латын әліп¬биіне қатысты халық арасында кеңінен түсін¬діру жұмыстарын жүргізіп, қолдау білдіру қай-қайсымыздың да парызымыз», екенін атап өтті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы кеңінен таныстырылып, латын әліпбиіне көшу ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың және қоғамды жаңғыртудың алғы шарттарының бірі екені айтылды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар жаһандану үрдісіндегі латын әліпбиінің қолданыс аясының маңызы, латын әліпбиіне көшу және оны енгізу жолдары, тарихи тамырлары мен әлемдік тәжірибесі, латын әліпбиінің мүмкіндіктері мен болашағы турасындағы мәселелерді талқылай отырып, латынға көшу жөніндегі бастамаға толықтай қолдау көрсететіндерін жеткізді, сондай-ақ жаңа әліпбиде пайдаланылатын әріптерді дұрыс таңдау жөніндегі өз ұсыныстары мен тілектерін ортаға салды.
Латын әрпіне көшу заман талабы, ең бастысы қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызатынын және ана тілін құрметтеуге, қастерлеуге тәрбиелеу туралы өз ойларын айтып, ой бөлісті.
Қатысқандар саны-22

Дүй Сей Сәр Бей Жұм Сен Жек
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031