Жаңалықтар

Шу ауданында 2018 жылғы 12 маусым күні болған                        

 «Тілдік алаң» туралы

 МӘЛІМЕТ

         Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы Жамбыл облысының Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру,  тілдік кеңістіктегі үштілділік тәжірибе мен тілдік орта қалыптастыру мақсатында Шу қаласындағы №1 қалалық кітапханасында «Тілдік алаң» ұйымдастырылды. Мақсаты:қазақ, орыс, ағылшын тілінде өзара еркін сөйлейтін тұлғаға тілдік орта қалыптастырып, осы бағытта үнемі қолданысқа енуіне ықпал ету. Сондай – ақ, қатысушылардың үш тілде алған білім мен тәжірибесін шыңдау, ауызекі сөйлеу тілін дамытуға септігін тигізу. Тілдік алаңға Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығы» директоры  Гүлхан Әлімбекова және ағылшын тілінің әдіскері Хафиза Ахметова мен ағылшын тілінің оқытушысы Ардақ Сейткадырова арнайы келді. Іс-шараға аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Қ. Байжолов және  аудандағы мектептердің ағылшын тілі мұғалімдері мен тіл үйренушілер қатысты. Төрт топқа бөлінген қатысушылар алдымен таныстықтан бастады. Модератор А. Сейткадырова қатысушыларға бүгінгі тақырыпқа байланысты әр түрлі тапсырмалар орындата отырып, қызығушылықтарын оята білді. Слайд көрсетіліп, түрлі ойындар ойнатылды. Барлығы да ағылшын тілінде жүргізілді және қатысушылар да ағылшын тілінде еркін пікір алмасты. Яғни, бұл тілдік алаң тілді меңгерушілерге емес, меңгерген тілді дамытушыларға арналады.  

Шу аудандық бөлімше меңгерушісінің

міндетін атқарушы:                                                             Н. Жарылкапова

Шу ауданында 2018 жылы 26 шілде күні болған                        

 «Тілдік алаң» туралы

МӘЛІМЕТ

 

       2018 жылдың 26 шілде күні Шу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және «Тілдерді оқыту орталығы» Шу аудандық бөлімшесінің ұйымдастыруымен  Абай атындағы орта мектебінің оқу кабинетінде Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының нысаналы индикаторлық көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында тілдік орта қалыптастыру үшін үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) құрылған «Тілдік  алаң» клубының «My native land» тақырыбында  кезекті отырысы өткізілді.

        Іс-шараға бөлімше тыңдаушылары мен ағылшын тілін үйренушілер қатысты. «Тілдік алаң» клубының кезекті модераторы  штаттан тыс ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Айгерім Оспанова. Модератор қатысушыларға бүгінгі тақырыпқа байланысты әр түрлі тапсырмалар орындата отырып, қызығушылықтарын оята білді. Слайд көрсетіліп, қима – қағаздармен жұмыс істелді. Қатысушалар өз ойларын ортаға салып,  еркін пікір алмасты.

       «Тілдік алаң» клубының әрі қарай жандануына белсене атсалысатындарын айта келіп, өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

 

 

Бөлімше меңгерушісінің міндетін

атқарушы                                                                                Н. Жарылкапова

 

Дүй Сей Сәр Бей Жұм Сен Жек
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031