Жаңалықтар

Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығы» Сарысу аудандық бөлімшесінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, тілдік кеңістіктегі үштілділік тәжірибе мен тілдік орта қалыптастыру мақсатында 2018 жылғы 21 қараша күні аудандық мәдениет және тілдерді дамыту орталығының басшылығымен «Уақыт – алтыннан да қымбат» тақырыбында «Тілдік алаң» өтті.
Шараның мақсаты – қазақ, орыс, ағылшын тілінде өзара еркін сөйлейтін тұлғаға тілдік орта қалыптастыру және оны үнемі қолданысқа енгізу.
Ұйымдастырылған іс-шара барысында қатысушылар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлесіп, тіл білудің артықшылықтары мен мүмкіншіліктері туралы пікір алмасты. Қатысушылар ағылшын тілінде алған білім дағдыларын нақты жағдайда қолдана біліп, логикалық ойлауды дамытып, топпен жұмыс істеу арқылы, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырды.

ҚазТЕСТ Талас ауданында өтті.

2018 жылы 15 караша күні Тілдерді оқыту орталығының Талас аудандық бөлімшесі ағылшын тілін үйреніп жүрген тыңдаушылар арасында «Revise and check: Our Foods» атты тренинг ұйымдастырды. Ағылшын тілін үйрету және еркін сөйлеу шеберлігін дамыту мақсатында өткен шарада қатысушылар топ-топқа бөлініп, тапсырмаларды орындау арқылы, үш тілде еркін оқып, өз ойын жеткізе білді.

Дүй Сей Сәр Бей Жұм Сен Жек
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31