Жаңалықтар

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ОРТАҚ ҚАЗЫНА» АТТЫ «ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ» ОТЫРЫСЫ

Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесіне орай «Тілдерді оқыту орталығы» Жамбыл аудандық бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл – ортақ қазына» атты дөңгелек үстел отырысы өтті.
Жиынның мақсаты – тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, қоғамға мемлекеттік тілдің міндеті мен мәнін көрсету.
Шараны Жамбыл аудандық бөлімшесінің меңгерушісі Рабиға Әшірова ашып, дөңгелек үстелдің маңыздылығына кеңінен тоқталды. Одан әрі В.Чкалов орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі «Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында баяндама, математика пәнінің мұғалімі Замира Шамшиева тіл туралы айтылған ғұлама ойшылдардың ой пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ, бастауыш сынып мұғалімі Асия Ибрагимова «Ана тілі», мектеп кітапханашысы Мүбарак Арипова «Туған тілім», дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Дарина Құрбанова «Қазақ тілі» тақырыптарында ақын жазушылардың өлеңдерін оқып, көпшілік назарына ұсынды.
Дөңгелек үстелге аудандық мекемелердегі тіл мамандары, тіл жанашырлары, бөлімше оқытушылары, тіл үйренушілер қатысып, өз ойларын ортаға салды.
Аудандық бөлімше меңгерушісі шара соңында Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесіне орай мемлекеттік тіл саясатын насихаттауға атсалысып жүрген бірқатар азаматтарға алғыс білдірді.

 

«Үштілділік – заман талабы»

Жамбыл аудандық бөлімше тыңдаушыларының

 эссе  жазу байқауының

 

                                                    МӘЛІМЕТІ

 

«Тілдерді оқыту орталығы» Жамбыл аудандық бөлімшесінде «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне орай, 2018 жылдың 14 қыркүйегі күні сағат 12-00 де бөлімше тыңдаушылары арасында «Үштілділік  – заман талабы» эссе жазу байқауы өткізілді. «Үштілділік-заман талабы» тақырыбындағы эссе жазуға байқау шартына сәйкес алдын ала өтініш берген 12 тыңдаушылар толық қатысты.

Байқаудың мақсаты – «Тілдерді оқыту орталығы» Жамбыл аудандық бөлімшесі тыңдаушылары арасынан үштілділікті қолдайтын, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеретін тыңдаушыларды анықтау, қолдау, марапаттау, олардың кәсіби әлеуетін дамыту болып табылады.

Байқаудың міндеттері:

  • Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, беделін көтеру;
  • Үштұғырлы тілді насихаттау;
  • Этнос өкілдерінің қазақ тілін оқып-үйренуін ынталандырып,   қызығушылығын арттыру.

Байқауды аудандық филиалдың оқытушысы Ж.Қаппарқызы құттықтау сөзбен ашып, байқауға қатысушыларға байқаудың ережесімен, эссеге қойылар талаптармен тағы бір таныстырып өтті.

Эсседе тыңдаушылар «Қазіргі уақытта көп тілді білу-өмір қажеттілігі, осы қажеттілік негізінде көптілділік пайда болып қалыптасатындығын атап өткен.  Елбасы өзінің « Жаңа әлемдегі –жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс» екендігін келтірген.

Байқауға қатысушылардың жұмыстарын саралау мақсатында «Тілдерді оқыту орталығы» Жамбыл аудандық бөлімше меңгерушісі мен бөлімше оқытушылары М.Мәмбетбаева, Ж.Байлиева сарапшылық кеңесті құрады.

Сарапшылық кеңестің шешімі бойынша:

1-орын Мамбеталиева Жания

2-орын Абдрахманова Мадина

3-орын Ибрагимова Асия

Қорытынды сөзді бөлімше оқытушысы М.Мәмбетбаева  сөйледі.

Ол: қазақ тілі –мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі –жаһандық экономикаға кіру тілі екендігін атап өтті. Байқау соңында жеңімпаздар марапатталды.

Дүй Сей Сәр Бей Жұм Сен Жек
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031