Тараз қаласы, Төле би даңғылы 35, 6-қабат
+7 (7262) 43 88 72 43 88 73, 43 88 51
+7 (7262) 43 88 71
til.zhambyl@mail.ru
БАЙЗАҚ АУДАНЫНДА «ТІЛДІК АЛАҢ» ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Жамбыл облысында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының индикаторлары мен нысаналы көрсеткішке қол жеткізу мақсатында Байзақ ауданының орталық кітапханасының оқу залында «Тілдік алаң» ұйымдастырылды.
Бұл аталған шараға ағылшын тілінің оқытушысы, модератор Алтынай Жамбулова жүргізіп, қатысушыларға «Дені саудың – жаны сау» тақырыбында түрлі сұрақтар, әртүрлі қызықты мәліметтер, ойындар мен жаттығулар ұйымдастырып, қызықты өткізді.
Алаңға барлығы 12-40 жас аралығындағы 28 адам қатысты.
«Язык – окно в новый мир» атты ойын сабақ өтті
Тілдерді оқыту орталығының Байзақ аудандық бөлімшесі аптаның алғашқы күні тіл мәдениетін дамыту, тілдердің қолданыс аясын кеңейту мақсатында үш тіл бойынша іс-шаралар ұйымдастырып, бөлімше тыңдаушыларының белсенділігін арттыруда. Осы аптада орыс тілі курсының қандас бауырлардан құралған бастауыш топ тыңдаушыларының қатысуымен «Язык – окно в новый мир» тақырыбында ойын сабақ ұйымдастырды.
Қатысушылар сабақ барысында осыған дейін үйренген сөздіктерін жарыса жатқа айтып, «наш круг» ойыны арқылы кезектесіп сөйлем құрауды дамытты.
Сонымен қатар, Байзақ аудандық бөлімшесінің штаттан тыс орыс тілі оқытушысы Зульфия Кенбаева сабақ барысында тыңдаушыларға «Жүректен жүрекке» тренингісі мен әртүрлі ойындар ұйымдастырып, тапсырма ретінде берілген тіл туралы мақал-мәтел, жаңылтпаштар айтқызып жарыстырды.
Белсенділік танытқан тіл үйренушілер ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
«ТІЛІМ МЕНІҢ – ТІРЕГІМ» АТТЫ АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ
Тілдерді оқыту орталығының Байзақ аудандық бөлімшесі Қазақстан халқы тілдері күніне орай тіл мәдениетін көтеру, тілдердің қолданыс аясын кеңейту мақсатында «Теремок» балабақшасының өзге ұлт өкілдері тәрбиешілерінің қатысуымен «Тілім менің – тірегім» тақырыбында ашық сабақ ұйымдастырды.
Қатысушылар өздерін мемлекеттік тілде таныстырып, «Қазақстан қыран далам» әнін шырқап, «Сөз қадірі» тақырыбында көрініс көрсетті.
Сонымен қатар, Байзақ аудандық бөлімшесінің оқытушысы Жансая Төлеушова сабақ барысында тыңдаушыларға «Жүректен жүрекке» тренингісі мен «Сиқырлы қалпақ» ойынын ұйымдастырып, тіл туралы мақал-мәтел, жаңылтпаштар айтқызып жарыстырды.
Белсенділік танытқан тіл үйренушілер ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.