«Астана – Отанымның жүрегі, Тәуелсіздігімнің тірегі!» облыстық байқауы қорытындыланды

Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығы» Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне орай «Астана – Отанымның жүрегі, Тәуелсіздігімнің тірегі!» атты әлеуметтік желіні қолданушылар арасында облыстық байқаудың марапаттау рәсімін өткізді.

Астана қаласының 20 жылдығы мен Іnstagram желісінде құттықтау, өлең-жырлар арнау, қазақ тілді контентті арттыру, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында өткізілген шараны Тілдерді оқыту орталығының директоры Гүлхан Әлімбекова ашып, қатысушыларды мерекелерімен құттықтады.

Байқауда барлық қатысушылар өлең-жырларын жариялап, облыс көлемінде 35 үміткер қатысып, бақтарын сынады.

Ереже талаптарына сәйкес қатысушылар өздерінің авторлық еңбектері мен ақын-жазушылардың шығармаларын оқып, #astana20jуlarnau хэштегімен жариялады.

Арнайы құрылған қазылар алқасының шешімімен: бас жүлдені Сарысу ауданы, Жаңатас көпсалалы колледжінің оқытушысы – Бекайдар Аманбаев; І орынды Жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы – Самат Тоқбанов; ІІ орынды (2) Тараз қаласы, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультетінің 1 курс студенті – Дана Мұхаметілдә және Меркі ауданы №44 жалпы білім беретін орта мектептің 10 сынып оқушысы, түрік ұлтының өкілі – Лейла Камилова; ІІІ орынды (2) Тараз қаласының тұрғындары, орыс ұлтының өкілі –  Роза Пахтунова мен облыстық көзі әлсіз көретін азаматтар кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі, өзбек ұлтының өкілі – Миршарипова Шоира иеленді.

Сондай-ақ, Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы – Диана Елжасова, Ж.Жабаев атындағы №5  мектеп-гимназиясының 3- сынып оқушысы – Алихан Тұрсынбек, Жамбыл ауданы, Жалпақтөбе ауылы «Балдәурен» балабақшасының тәрбиешісі – Сәуле Абдрахманова, Меркі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Дамира Жамбаева  белсенділік танытқандары үшін Тілдерді оқыту орталығының алғыс хаттарымен марапатталды.

Марапаттау рәсіміне өңірдегі БАҚ өкілдері мен тіл жанашырлары қатысты.

Дүй Сей Сәр Бей Жұм Сен Жек
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31