Алғаш рет жоғары сынып оқушылары арасында «Қазтест» байқау сынағы өткізілді

Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы ағымдағы жылдың 13-14 наурыз күндері орыс тілінде білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында Тараз қаласында республикада тұңғыш рет «Қазтест» байқау сынағын өткізді.

Тестілеуді өткізудің негіздемесі: Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мемлекеттік тілді  В1 деңгейінде меңгерген мектеп түлектерінің үлесін 2020 жылға қарай 100%-ға жеткізу міндеті.

Байқау сынағына қатысушылар тыңдалым, лексика-грамматикалық құрылым, оқылым бөліктері бойынша жабық түрдегі 150 тест тапсырмасын орындады. Тест мазмұны мектеп оқушыларына бейімделген.

 «Қазтест» байқау сынағына Тараз қаласындағы 6 мектеп-гимназиясының (№1 Ә.Бөкейханов атындағы гимназия, №7 мектеп-гимназия, №24 гимназия, №39 И.Панфилов атындағы мектеп-гимназия, № 40 гимназия, №41 С.Пушкин атындағы гимназия) 344 оқушысы қатысты. Оның ішінде, 109 қазақ, 235 өзге ұлт өкілі (23 татар, 8 неміс, 1 иран, 112 орыс, 24 өзбек, 6 украин, 34 кәріс, 2 грек, 5 дүнген, 5 әзірбайжан, 2 қырғыз, 2 поляк, 1 тәжік, 1 шешен, 1 башқұрт, 1 армян, 6 түрік, 1 балқар) бар.

Байқау тестілеуіне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығының өкілі қатысты.

Бұл байқау тестілеуі ағымдағы жылдың қазан айында өтетін «Қазтест» жүйесі бойынша диагностикалық тестілеуге дайындық ретінде ұйымдастырылды.

«Қазақстан-Тараз» телеарнасынан көрсетілді. Облыстық «Ақ жол», «Знамя труда», «Арай» газеттерінің тілшілері қатысты.

Дүй Сей Сәр Бей Жұм Сен Жек
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031